10 қаңтар 2021 | 21:04

Қазақстанда сайлау өз мәресіне жетті

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 20.00-де Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында сайлау учаскелері жұмысын аяқтады.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21.00-де (уақыт айырмашылығына байланысты) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы сайлау учаскелері жабылды.

ОСК мәліметтері бойынша 20.00-де сайлауға қатысу көрсеткіші 63,1 пайыз болды. Ең төмен келу көрсеткіші Алматыда. Дауыс бергендер саны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Дауыс беру басында сайлаушылар тізіміне 11 915 903 қазақстандық енді.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелдегі парламенттік сайлауда Қазақстанның 4 532 азаматы дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram