05 қараша 2020 16:37

Қазақстанда сайлауға алты партия өтті

© Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әділет министрлігі саяси партияларға қатысты тіркеуші орган қызметін атқарады. (...) 2020 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша, алты саяси партия тіркелді. 

Nur Otan партиясы, "Ақ жол", Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, "Ауыл", "Бірлік" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Аталған партияларды қайта ұйымдастыру, тарату туралы мәліметтер жоқ. Барлық партияның құрылымдық бөлімшелері бар", - деді әділет вице-министрі Наталья Пан Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Реклама
Реклама

ОСК мүшелері қазақстандық алты саяси партияның сайлауға қатысуына бірауыздан дауыс берді.

Барлық алты партия да мәслихатқа сайлауға жіберілді, алайда "Бірлік" Шымкент пен Түркістан облысындағы мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатыса алмайды.

Әділет вице-министрі "Бірлік" партиясының 16 филиалы бар екенін атап өтті, алайда Шымкент пен Түркістан облысында филиалдары жоқ екен.

"Бірлік" партиясы ұсыну кезеңінде аталған екі өңірде филиалдарын ашып, тіркесе, онда партияны Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға жіберуге болады", - деді ОСК төрағасы Берік Имашев.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram