10 қаңтар 2021 | 22:55

Қазақстанда сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысы - 63,3 пайыз

2021 жылғы 10 қаңтарда сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 10 қаңтарда сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК сайтына сілтеме жасап.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Реклама
Реклама

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 %-ы алды.

Олардың ішінде өңірлер бойынша: 

Ақмола облысы бойынша – 72,8%  Ақтөбе облысы бойынша – 58,8%  Алматы облысы бойынша – 73,5%  Атырау облысы бойынша – 56,4%  Батыс Қазақстан облысы бойынша – 62,4%  Жамбыл облысы бойынша – 72,2%  Қарағанды облысы бойынша – 70,7%  Қостанай облысы бойынша – 71,8%  Қызылорда облысы бойынша – 73,9%  Маңғыстау облысы бойынша – 55,0% Павлодар облысы бойынша – 71,3% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5%  Түркістан облысы бойынша – 65,8%  Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4%  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1%  Алматы қаласы бойынша – 30,3%  Шымкент қаласы бойынша – 56,5%

Дауыс беру Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктеріндегі 42 сайлау учаскесінде әлі де жалғасып жатыр.

Сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная