31 наурыз 2015 13:39

Қазақстанда ішек таяқшасының бактериялары бар ресейлік тұшпаралар сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Upakovano.ru ©Upakovano.ru

Алматы облысында орналасқан сауда үйінде ішек таяқшасының бактериялары бар тұшпаралар сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында орналасқан сауда үйінде ішек таяқшасының бактериялары бар тұшпаралар сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысындағы City Plus супермаркетінде іріктеп алынған РФ Алтай өңірі "Золотой пельмешек" жеке шаруа қожалығының өнімдерінде, өлшеп-оралған сібірлік тұшпараларда ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды. Ал Батыс Қазақстан облысында "Бәйтерек" супермаркетінде РФ Мәскеу қаласындағы "Черкизовский мясоперерабатывающий завод" ЖШҚ-ның "Аппетитные классические" сосискаларында, "Русская Черкизовская" пісірілген шұжығында, РФ Тольяти қаласы "ПК "Фабрика качества" ЖШҚ өндірген "Мускатный" сервелатында және "Чесночной" жартылай ысталған шұжығында натрий нитритының 3 есеге дейін артуы анықталды.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ресейлік өндіріс етінің сынамаларында ішек таяқшасын, шошқа ДНҚ-сын және натрий нитриты құрамының артуын анықтады. Аумақтық департаменттер дүкендерден және сақтау қоймаларынан ҚР техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін ресейлік өндірістің ет өнімдерін алды. Нәтижесінде талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 272 сынамасы анықталды, оның ішінде 74 сынама - ет өнімдері, ол сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының 28 пайызына тең", - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, мынадай өндірушілердің ет өнімдерінің 13 сынамасында: "Курганский мясокомбинат" ЖШҚ "Стандарт" - Қорған қаласы, "Омский Бекон" ААҚ Омбы облысы, Калачинск  қаласы, "Калининградский мясоперерабатывающий завод "Дейма" ААҚ, "Орелпродукт" ЖАҚ, РФ Орлов облысы Мценск қаласы, "РАПП Кавказ-мясо" ААҚ, "Мясокомбинат Шиловский" ЖШҚ Рязань облысы Шиловский ауданы, Шилово кенті, "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ Ресей, Мәскеу қаласы, "Черкизовский МПЗ" ААҚ Мәскеу қаласы - "Говядина тушеная", "Говядина богатырская", "Конина тушеная натуральная" консервілерінде, "Нежный из печени индейки", "Нежный из гусиной печени", "Нежный из говяжьей печени" паштеттерінде, "Русский фермер" кенеулі сосискаларында, "Южные по-черкизовски" сосискаларында, "Триумф" ыстап пісірілген сиыр етінде шошқа ДНҚ-сы анықталды. Айта кетейік, бұл ретте өнімнің таңбалауында шошқаның бар екені көрсетілмеген, бұл тұтынушыны жаңылыстырады.

Сонымен қатар, ет өнімдерінің 54 сынамасында өнімдерді таңбалау бөлігіндегі сәйкес келмеушілік анықталды. Сәйкес келмейтін өнімдер Қазақстандағы мынадай ірі сауда кәсіпорындарында сатылған: Ақмола облысында "Орталық гастроном" супермаркеті, "Анара" дүкені, "Алтын Плаза" СО, Алматы қаласында "Magnum" супермаркеттері, "Юбилейный" супермаркеті, "Green Mart" супермаркеттері, Алматы облысында "City Plus" супермаркеттері, Батыс Қазақстан облысында "Лидер" дүкені, "Бәйтерек" супермаркеті, Қарағанды облысында "ЮМА" фирмасы ЖШС супермаркеттері, "Аян" СҮ, "Қазақстан" дүкені, Қызылорда облысында "Аль-Асад", "Small" сауда үйлері.

Айта кетейік, техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін ет өнімдерінің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган берген сәйкестік туралы декларациялары болған. Аумақтық департаменттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда объектілерінен де, жеткізушілердің қоймаларынан да бұл өнімдерді айналымнан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети