25 маусым 2024 17:07

Қазақстанда шенеуніктер мен құқық қорғау органдарына қатысты жаңа тыйым талқыланып жатыр

Midjourney

Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға жұмыс тобының мүшелері: петиция авторы, "Әділдік жолы" басшысы Дидар Смағұлов, Парламент депутаттары, азаматтық белсенділер, мүдделі мемлекеттік органдар мен ойын бизнесінің өкілдері қатысқан.

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев отырысты ашып, петицияға 50 мың адам қол қойғанын және кодекске сәйкес министрлік 40 күн ішінде шешім қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Министрлік ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және мемлекеттік аппаратта қоса алғанда, лудоманияның алдын алу жөніндегі жұмысты бастады.

Реклама
Реклама

Дидар Смағұлов лауазымды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы алаңдаушылық білдірді.

"Бұл петиция құмар ойындардан болатын зиянды азайту үшін қажет, ел бюджетін басқаратындар казинода жүрмеуі керек. Себебі казино – үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелі. Әрине, ешкім ойын ашық айта алмайды, бірақ жиналыстарда бастаманы қайта қарау керек екендігі туралы әңгімелер бар. Яғни, белгілі бір лобби пайда болды", - деді азаматтық белсенді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев жұмыс тобы, оның ішінде құмар ойындарға және шенеуніктердің, әскерилердің және полицейлердің бәс тігуіне қатысуын шектеуге арналған Заң жобасының тармақтарымен бөлісті.

"Бұл бастаманы тарихи оқиға деп атауға болады. Құмар ойындардың мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарына, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік өкілдерінің психикасына қауіп төндіретінін ескере отырып, біз Мәжіліс өкілдерінің атынан петицияға қолдау білдіреміз. Бұған қоғамның назар аударып жатқаны да қуантады", - деді спикер.

Сондай-ақ, мәжілісмен петиция мұндай шектеуге қарсы лоббистердің қарсылығын жеңуге көмектесті деп мәлімдеді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің өкілдері мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын бақылау тетіктері туралы айтып берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram