Қазақстанда шетелдік бірнеше вакцинация паспорты мойындалады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: newsgeorgia.ge

Қазақстанда Аргентина, Қырғызстан, Тунис секілді бірқатар мемлекеттің вакцинация паспорты мойындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Аргентина, Қырғызстан, Тунис секілді бірқатар мемлекеттің вакцинация паспорты мойындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізіледі. Қаулыға сәйкес елімізде бірнеше мемлекеттің вакцинация паспорты мойындалады.

"Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында,  Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары /сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", - делінген қаулыда.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама