ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2020 | 19:44
Қазақстанда шетелдіктерге туроператордың шығыны өтеп берілуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста министрліктер, "Атамекен" ҰКП және өңірлер әкімдіктерінің басшылығы қатысып, Қазақстанда туризм маусымын жандандыру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста министрліктер, "Атамекен" ҰКП және өңірлер әкімдіктерінің басшылығы қатысып, Қазақстанда туризм маусымын жандандыру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Заңнамалық деңгейде туристік салаға қосымша қолдау көрсету шаралары қаралып жатыр:
- туристік объектілерді жаңадан салу, реконструкциялау және жабдықтау кезінде инвестиция сомасының 10%-ын өтеу және преференция беру;
- әр шетелдік турист үшін туроператордың шығындарын субсидиялау;
- әуе компанияларына ішкі әуе бағыттары бойынша балалардың жол ақысын 100 пайыз өтеу;
- кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы нысандарды салу және қызмет көрсету бойынша шығындарының 25 пайызын өтеу;
- туроператорлар мен турагенттіктердің туристік көлік құралдарын сатып алу шығындарының 25 пайызын өтеу.
2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 44 туристік жобаға инфрақұрылым жүргізу мақсатына республикалық бюджеттен 51,5 миллиард теңге қаражат бөлінді. Бұл - аталған саланы қолдаудың рекордтық көрсеткіші.
Кеңесте Қазақстанда туризм маусымын бастауға толық дайындық жасалғаны хабарланды: туристік нысандардың жұмыс алгоритмі әзірленді, жолаушыларды тасымалдаудың әуе, теміржол және автобус маршруттары іске қосылған.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердің әкімдіктеріне туристік объектілердің дайындығы туралы актілерді беру жұмысын жеделдетуді, жаңа туристік бағдарлар мен толыққанды ақпараттар жиынтығын жасауды, сондай-ақ аталған салаға инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также