Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады: оған кімдер ілігуі мүмкін?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл амнистияға кімдер ілігуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл амнистияға кімдер ілігуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзір айтуға ерте, бірақ бұл (заңның қабылдануы – еск.) депутаттар бастамасымен көтерілді. Атап айтқанда, қаңтарда Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Үкіметке депутаттық сауал жолдады, Үкімет оны қолдады. Осыдан кейін заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қорытындысына жолдадық. Бүгін қабылдануы тиіс", – деді депутат Құспан.

Мәжілісменнің айтуынша, алдын ала болжам бойынша амнистия ең алдымен сотталған азаматтардың осал санаттарын қамтиды.

Реклама
Реклама

"Бірінші кезекте бұл – зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, балалары бар аналар, қылмыс жасаған сәтте балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер және тағы басқалар. Негізінен, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға амнистия жасау – классикалық нұсқа", – деді депутат Абзал Құспан.

Экономикалық қылмыстар бойынша сотталғандар амнистияға ілігуі мүмкін бе деген сұраққа депутат:

"Егер ұрлық пен алаяқтық бойынша келтірілген залал өтелсе – олар амнистияға ілігеді", – деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы" заң жобасы бойынша қорытынды қаралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама