21 желтоқсан 2020 11:31

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастады

© elements.envato.com

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.

Реклама
Реклама

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина өндіріледі.

"Қазақстанда өндірілген"Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Мамин.

Премьер-министр Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram