ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2023 | 09:51
Қазақстанда су тасқыны бойынша алдын ала болжам жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері су тасқынының алдын ала болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" синоптиктері су тасқынының алдын ала болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның жазықтағы өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректеріне сәйкес жасалғаны айтылды. Су тасқыны бойынша негізгі болжам 2023 жылғы наурызда жасалады.
"Ақпанда температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін.
Алайда, қыс аяқталған жоқ және соған сәйкес қардың жинақталу кезеңі де жалғасып жатыр (көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі жауын-шашын жаууы мүмкін)", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі биылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 сантиметрден 84 сантиметрге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш биылға көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 сантиметрден 40 сантиметрге дейін кем.
"Қазақстанның жазықтағы өзендері бассейнінде жиналған қар жамылғысындағы судың қоры айтарлықтай әркелкілігі, нақтырақ айтсақ, ол Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көпжылдық мәннен төмен, ал Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа көпжылдық мәннің шегінде.
Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпанында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық, ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтіледі", - делінген болжамда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также