01 ақпан 2024 17:45

Қазақстанда су тасқыны бойынша алдын ала болжам жарияланды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері су тасқыны бойынша алдын ала болжамды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері су тасқыны бойынша алдын ала болжамды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су тасуы кезеңіне арналған алдын ала гидрологиялық болжамға сәйкес, 2024 жылғы 1 ақпандағы мәліметтер бойынша Қазақстанның орталық және батыс бөлігіндегі өзен алаптарындағы ылғал қорының көлемі көпжылдық орташа мәндерден төмен, республиканың солтүстік бөлігінде көпжылдық орташа мәндерден жоғары.

"Жазық жерлерде топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері көпжылдық орташа мәндерден жоғары. Өзен алаптарындағы қардың жиналу қоры ақпан және наурызда жалғасады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасының жазық өзендеріндегі көктемгі су тасуының негізгі күтілетін көлемі 2024 жылдың наурызында дайындалады, онымен қоса апта сайынғы мәліметтермен қамтамасыз етіледі.

"Республиканың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі кейбір таулы өзендер (Іле Алатауының оңтүстік беткейі және Кетмен жотасының солтүстік беткейі) алаптарын қоспағанда, шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктерінің таулы өзендері алаптарында ылғалдану кезеңінде жауын-шашын мөлшері көпжылдық орташа мәндерге жақын және одан жоғары.

Ақпанда ауа температурасының жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендер бойында жоғарыдан еріген қар мен жаңбыр әсерінен су тасқыны болуы мүмкін".

Қазіргі уақытта қардың жиналу процесі жалғасып жатыр. Таулы аймақтардағы өзендердің вегетациялық кезеңінің негізгі болжамы 2024 жылы сәуірдің бірінші онкүндігінде жасалатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram