25 маусым 2024 14:36

Қазақстанда су тасқынынан келген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкіметте Қазақстандағы су тасқынынан келген залалдың алдын ала сомасы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметте Қазақстандағы су тасқынынан келген залалдың алдын ала сомасы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орыбасары Қанат Бозымбаев, алдын ала болжам бойынша, келтірілген шығын 53 миллиард теңге болғанын айтты.

"Бірақ бұл алдын ала бағалау. Сондай-ақ, автожолдардың 109 учаскесі зардап шекті - 39,6 миллиард теңге, мектептер - 11,7 миллиард теңге. Электрмен жабдықтау желілеріне 1,5 миллиард теңгеге шығын келді. Бұл сомаға жеке нысандар кірмейді", - деді премьер-министрдің орынбасары Үкіметтегі брифингте.

Реклама
Реклама

Бұл ретте Бозымбаев өз баяндамасында инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 миллиард теңге болатынын айтты. Бұл қаражат жолдарды, электр желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге жұмсалады. Бүгінде құны 39,8 миллиард теңге болатын жобалар дайындалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram