11 сәуір 2022 | 09:15

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпті - ДСМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: pixabay.com

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5 пайызды құрады. Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 16 (9,2 пайыз), басқа елдер - 156 (90,1 пайыз).

Негізінен, бұзушылықтар: Таңбалауға қатысты 100 пайыз, органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,4 пайыз, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 8 пайыз (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).

Балаларға қауіпті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді", - делінген хабарламада.

Сауда кәсіпорындарында екі айда 3,6 келі ойыншық сатылымнан шығарылды. Бұл құжатсыз сатылған, талапқа сай емес, негізінен Қытайда жасалған тауарлар: қуыршақтар, автотрансформаторлар, көлік жинақтары, стресске қарсы ойыншықтар.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная