ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2021 | 09:39
Қазақстанда тағы 12 адам пневмония мен коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанда пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім жағдайы, сондай-ақ коронавирустан 9 өлім жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"6.11.2021 жылы пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы: ауырғандар - 80356, 5071 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 69957-ге жетті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 8 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 856 адам коронавирус инфекциясынан (35 528 КВИ+ және 5 328 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 7 563 пациент стационарда,
- 33 293 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 556 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также