Қазақстанда тағы 8 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 8 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда тағы 8 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам, Алматы облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 302 науқас тіркелді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек тағы алты қала карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілді. Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады.

Реклама
Реклама

30 наурыз сағат 00:00-де Қазақстанның алты қаласы: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады делінген еді ресми хабарламада.

Еске салайық, 30 наурыз сағат 12:45-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 294 науқас тіркелген еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама