Қазақстанда тағы бір банкнот жаңартылады

Қазақстанда тағы бір банкнот жаңартылады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2027 жылы Қазақстанда тағы бір банкнот жаңартылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2027 жылы Қазақстанда тағы бір банкнот жаңартылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, келесі жылы айналымға номиналы 20 000 теңгелік жаңа банкнот шығады. Бұрынғысы айналымнан шыққанға дейін дәстүрлі түрде қатар қолданыста болады.

"Ол (номиналы 20 000 теңгелік жаңа банкнот – ред. еск.) бізде бар, дизайнын көрсеттік, бірақ банкноттарды шығару және банктерді, барлық осы банкомат желісін дайындау процесі бар. Қолма-қол ақша айналымы – күрделі дүние, сондықтан ол кешірек, келесі жылы шығады. Осымен банкнот қатары толық жаңартылады", - деді Тимур Сүлейменов бүгін Ұлттық банкте өткен брифингте.

Жарнама
Жарнама

Журналистер Қазақстанда банкноттар сияқты монеталарды да жаңарту жоспарда бар-жоғын нақтылады.

"Монеталарға қатысты ештеңе айта алмаймын, әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Қолма-қол ақша айналымына қатысты жоспарларымыз әртүрлі, бірақ әзірге шешім шықпады", - деп қайталады Ұлттық банк төрағасы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама