Қазақстанда тағы бір құжат электрон форматқа ауыстырылмақ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда тағы бір анықтама электрон форматқа ауыстырылмақ. Тиісті бұйрық жобасын Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда тағы бір анықтама электрон форматқа ауыстырылмақ. Тиісті бұйрық жобасын Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын өткізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасын беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі.

Жаңа редакцияда құжаттарды электрон форматқа көшіруді оңтайландыру және автоматтандыру аясында аурухана парағы электрон болуы мүмкін екені көрсетілген.

Реклама
Реклама

Электронды еңбекке жарамсыздық парағы қағаз нұсқасы сияқты адамның уақытша еңбекке жарамсыз екенін растайды және оны жұмыстан уақытша босату мен еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алу құқығын қамтамасыз етеді.

"Аурухана парағы мен уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа да уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларымен, санаторий-курорттық емдеу, науқас туысына күтім жасау қажеттілігі, карантин, стационарлық жағдайда протездеу, жүктілік және босанумен байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасының нәтижелері бойынша электрон құжат түрінде рәсімделеді", – делінген құжат мәтінінде.

Анықтаманы қазақстандықтар, қандастар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтары ала алады.

"Мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын тұлғалардың жеке санаттарына және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, жүктілік пен босану бойынша жәрдемақы төлеу мақсатында уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қағаз түрінде беріледі", – делінген бұйрық жобасында.

Электронды еңбекке жарамсыздық парағын медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы бар ұйымдар рәсімдеп, бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная