19 қараша 2022 | 10:04

Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекетке берілуі мүмкін

Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекетке берілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекетке берілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.

"Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активін, сондай-ақ, мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажет заңдық және ұйымдастыру шараны пысықтауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная