ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 қаңтар 2022 15:21
Қазақстанда тағы бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі алып тасталды
Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шықты. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес мына өңірлерде 2022 жылғы 14 қаңтардағы сағат 18.00-ден бастап ТЖ режимі алып тасталады:
- Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу