ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2021 | 12:50
Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялар тексеріледі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚА) Қазақстандағы такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеруді бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚА) Қазақстандағы такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеруді бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бағаға мониторинг жасау, талдау және осы нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілген қызмет көлемі мен қолданатын тарифтер, жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша мобильді қосымшаны пайдалану кезінде алынатын комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды", - деп хабарлады ведомстводан.
Агенттік нарықта бәсекелестікті қорғау бойынша заңнама сақталмағаны анықталған жағдайда монополияға қарсы іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также