Қазақстанда танымал шайлардан қауіпті қоспалар табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда танымал шайлардан қауіпті қоспалар табылды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда қара шайдың кейбір түрлерін импорттауға және сатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қара шайдың кейбір түрлерін импорттауға және сатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тиісті қаулыға 5 қаңтарда қол қойған. Тексерулер барысында қолданыстағы ережелер бойынша тыйым салынған тағамдық бояғыштары бар қара шайды өндіру және сату жағдайлары анықталған.

Тыйым салынған қоспалар және таңбалау ережесін бұзу

Реклама
Реклама

"Сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу деректері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Қандай шай брендтеріне тыйым салынды?

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  • "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat" Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
  • "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана)
  • "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия"ЖҚ (Алматы);
  • "Aje Onim", өндіруші "Орда Чай"ЖҚ (Алматы) "Кальций"ЖШС тапсырысы бойынша:
  • "Al-Hayat"Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited"(Алматы облысы);
  • "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus"ЖҚ (Алматы);
  • "Alfarah"(өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама