23 желтоқсан 2024 | 11:38

Қазақстанда тасжолдар сапасын бағалау талаптарын қайта қарау ұсынылды

Фото: "ҚазАвтоЖол"

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Қазақстандағы тасжолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Қазақстандағы тасжолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігі мәліметінше, жергілікті маңыздағы жолдардың 87 пайызы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Алайда, депутаттың айтуынша, жергілікті жолдардың тек 31 мың шақырымы немесе 44 пайызы асфальт-бетон жабындысымен қамтылған. Ал қалған 39 мың шақырым немесе 56 пайызы қиыршық тас, шақпақтас және топырақ жабындыларынан тұрады.

"Осыған байланысты автожолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарауды, қиыршық тас, шақпақтас және топырақ жабындысы бар жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп саналатын жолдар санатынан алып тастауды қажет деп санаймыз. Бұл бізге жергілікті маңыздағы автожолдардың нақты жағдайын көрсетеді", – деді Сабильянов Мәжілістегі үкімет сағатында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, депутат жергілікті техникалық қадағалау қызметтерінің әлсіз жұмысын сынға алды.

"Олардың жұмысының сапасына үлкен шағымдар бар, техқадағалау функциялары формалды түрде орындалады. Сондай-ақ ауыр жүк көліктерін бақылау жеткіліксіз, олар жолдың жүріс бөлігін бұзады. Бұл жүк көліктерінің салмақтық параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станциялардың қажетті санының болмауынан туындап отыр", – деп есептейді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная