ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2024 | 11:14
Қазақстанда тауарлық газдың жаңа шекті бағасы бекітілді
Қазақстанда тауарлық газдың жаңа шекті бағасы бекітілді. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тауарлық газдың жаңа шекті бағасы бекітілді. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан өңірлеріндегі ірі коммерциялық тұтынушылар мен кеншілер үшін бір мың текше метр тауарлық газдың көтерме бағасы:
- Астана, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында – 52 033 теңге;
- Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысында – 63 905 теңге;
- Түркістан облысы, Шымкентте – 59 268 теңге;
- Жамбыл облысы – 58 866 теңге;
- Ақтөбе облысы – 34 333 теңге;
- Қостанай облысында – 48 424 теңге;
- Қызылорда облысы – 45 522 теңге;
- Маңғыстау облысы – 32 942 теңге;
- Батыс Қазақстан облысында – 31 637 теңге;
- Атырау облысы – 23 996 теңге;
- Шығыс Қазақстан облысында – 10 891 теңге.
Сондай-ақ, ішкі нарықта тауарлық газды көтерме сатудың шекті бағалары анықталды. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейін теңгедегі ҚҚС-сыз газдың мың текше метріне жаңа шекті бағалар келесідей болады:
- Астана – 29 757 теңге;
- Алматы – 29 873 теңге;
- Шымкент – 29 341 теңге;
- Ақмола облысы – 29 757 теңге;
- Ақтөбе облысы – 11 445 теңге;
- Алматы облысы – 29 873 теңге;
- Атырау облысы – 13 018;
- Батыс Қазақстан облысы – 14 743;
- Жамбыл облысы – 28 626 теңге;
- Жетісу облысы – 29 873 теңге;
- Қарағанды облысы – 29 757 теңге;
- Қостанай облысы – 25 521 теңге;
- Қызылорда облысы – 12 136 теңге;
- Маңғыстау облысы – 21 594 теңге;
- Түркістан облысы – 29 341 теңге;
- Ұлытау облысы – 29 757 теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 7 563 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также