30 қыркүйек 2022 | 15:25

Қазақстанда Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды

Дина Шарипханова Корреспондент
© yorick.kz

Қазақстанда Тәуелсіздік күні енді бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы жаңартылған заң жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Тәуелсіздік күні енді бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы жаңартылған заң жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған құжатқа сәйкес, енді Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда бір күн ғана тойланады (бұрынғы редакцияда – 16-17 желтоқсан).

Сондай-ақ, 25 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күні атап өтіледі.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыны толықтыру ұсынылады, онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған", - делінген заң жобасында.

Осылайша, 22 қазан, сенбі жұмыс күні болып, Республика күні қазақстандықтар үш күн демалады: 23, 24 және 25 қазан.

Сондай-ақ, Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Сәйкесінше, 1 желтоқсанда қазақстандықтар жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная