Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады Фото: Тұрар Қазанғапов

20 қазанда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген "Қазтелерадио" сайтында. 

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама