02 қараша 2023 17:32

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Freepik

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты, осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram