Қазақстанда Telegram-арнаның 8 мың жазылушысын полиция тексереді

Фото:depositphotos.com

Түркістан облысының прокуратурасы Telegram желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, cоның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты фото/видео көруге арналған ақылы арнаны тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеріс барысында Telegram желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.

Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген.

Реклама
Реклама

"Желі аудиториясы - Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде сайт ұйымдастырушылары, қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталған. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазір ол қамауға алынды.

"Бұл деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы және 312-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама