01 сәуір 2021 19:24

Қазақстанда темекі акцизінің бағасы өседі: Тоқаев заңға қол қойды

Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, 2024 жылы Қазақстанда темекі қымбаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, 2024 жылы Қазақстанда темекі қымбаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Келісім 2024 жылдан бастап индикатив мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазонын қолдануды қарастырады. Бірыңғай индикатив көрсеткіш және оның ауытқу диапазоны әр бес жыл сайын белгіленеді. 2024 жылы темекінің индикатив бағамы ұлттық валютада 1000 дана үшін 35 еуроға баламалы болып белгіленді.

Реклама
Реклама

Ұлттық банк мәліметінше, еуроның 2 сәуірдегі ресми бағамы - 501,15 теңге. 2024 жылы қанша болатыны белгісіз, бірақ қазіргі бағаммен есептесек, 1000 шылым шамамен 17,5 мың теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram