Қазақстанда темекі қымбаттады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтің бұйрығында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтің бұйрығында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 "Фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папиросқа, сигара мен қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізді.

Бұйрыққа сәйкес, 20 дана фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папиросқа, сигараға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы мынадай болып бекітілді:

Реклама
Реклама
  • 920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін (бұрынғы баға – 820 теңге);
  • 970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге).

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама