Қазақстанда темекі тағы да қымбаттайды

Қазақстанда темекі тағы да қымбаттайды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда темекі өнімдері тағы да қымбаттайды. Қаржы министрлігі темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді көздейтін бұйрық жобасын жариялады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жоба сүзгілі және сүзгісіз темекілердің, папиростардың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді қарастырады.

Қазіргі уақытта 20 данадан тұратын бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құрайды. Қаржы министрлігі бұл шекті арттыруды ұсынып отыр. Бұйрық қабылданғаннан кейін темекі өнімдерін белгіленген бағадан арзан сатуға тыйым салынады.

Жарнама
Жарнама

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, ең төменгі бағаны көтеру темекі өнімдеріне қатысты салмақты салық және баға саясатын жүргізу үшін қажет. Сонымен қатар бұл шара темекі тұтынуды азайтуға, бюджетке түсетін түсімдерді арттыруға және көлеңкелі экономиканың үлесін төмендетуге ықпал етеді деп күтіледі.

Бұйрық жобасы 20 шілдеге дейін ашық талқылауда болады. Осыдан кейін құжат қабылданып, өз күшіне енуі мүмкін.

Еске сала кетейік,жыл басында Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтерілген болатын. Сол кезде ол 970 теңге деңгейінде бекітілді.

2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында темекінің ең төменгі құны 920 теңгені құрады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама