Қазақстанда тоғызыншы сынып оқушылары жұрттың үрейін алған

Қазақстанда тоғызыншы сынып оқушылары жұрттың үрейін алған Бейнеден алынған кадр

Қазақстанда терроризм актілері туралы жалған хабарлама таратқан жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда терроризм актілері туралы жалған хабарлама таратқан жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар тарату деректері анықталған. Осы оқиғаларға қатысты 9-сынып оқушылары күдікке ілінген

Оқушылардың әрекет ету тәсілі

Жарнама
Жарнама

Полиция мәліметінше, Алматы облысында екі тоғызыншы сынып оқушысы ұсталған. Олар нысандарға бомба қойылды деген жалған хабарлама таратты деген күдікке ілінді. Олардың Астана мен Алматы облысында кемінде 14 осындай дерекке қатысы болуы мүмкін екені анықталған.

Тағы бір жағдайда, Шығыс Қазақстан облысының 9-сынып оқушысы тергеу нұсқасы бойынша, әлеуметтік желідегі кикілжің кезінде басқа пайдаланушылардың атынан қоқан-лоқы хабарламалар жіберген. Хабарламалар Шымкент қаласы әкімдігінің және Ақтаудағы сауда үйлерінің бірінің электронды поштасына түскен.

Хабарлама жіберу үшін жасөспірімдер анонимді телефон нөмірлері мен электронды поштаны пайдаланған, полицияның мәліметінше, бұл жеке бастарын жасыру мақсатында жасалған.

ІІМ ескертуі

ІІМ қатер туралы тіпті "қалжың" ретіндегі хабарламалардың өзі қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сараланатынын атап өтті. Мұндай әрекеттер халық арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтерді нақты оқиғалардан алаңдатады.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Аман Әубакіров мұндай фактілердің барлығы мұқият тексерілетінін, ал кінәлілер заманауи технологиялардың көмегімен анықталатынын баса айтты.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік, соның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция азаматтарды анық емес ақпарат таратпауға және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге шақырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама