15 наурыз 2020 | 16:21

Қазақстанда төтенше жағдай: азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істей ме?

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елімізде төтенше жағдай жариялануына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді. Сауда-ойын сауық орталықтарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеуіне қатысты мәселені әкімдіктерден нақтылап жатырмыз. Себебі, бұл мәселеге қатысты шешімді әрбір әкімдік өзі қабылдайды. Алайда жеке азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министрлік Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі сауда орнының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін екенін жеткізді.

"Шектеулер қойылуы ықтимал. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Артем" сауда үйі жабылуы мүмкін. Алайда оның бірінші қабатындағы азық-түлік сататын орын жұмыс істейді", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная