Қазақстанда төтенше жағдай: комиссия құрамына кімдер кірді?

© Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комиссияны премьер-министр Асқар Мамин басқарады. Комиссия хатшысы қызметін премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев атқарады. 

Мемлекеттік комиссия құрамына енгендер:

Реклама
Реклама

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев;
премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смаилов;
премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр;
премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов;
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Малик Мурзалин;
ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов;
Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров;
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко;
Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Қалмұханбет Қасымов;
қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев;
ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаев;
ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев;
әділет министрі Марат Бекетаев;
денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов;
еңбек және халықты әлеуметтік қорған министрі Біржан Нұрымбетов;
индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов;
сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;
сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;
ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы 16 наурыз таңғы 8-ден бастап республикада төтенше жағдай жариялаған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама