ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2019 | 13:52
Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Топ қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған "Цифрлық комиссарлардан" тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Топ қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған "Цифрлық комиссарлардан" тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Цифрлық комиссарлар тәуелсіз бақылаушылар ретінде мемлекеттік органдардың "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалары мен бастамаларына қоғамдық негізде мониторинг жүргізеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен ХҚО жұмысы бойынша қызметті алушы-азамат тұрғысынан ескертулер мен ұсыныстар береді.
"Конструктивті сын - прогрестің қозғаушы күші немесе сырт көз-сыншы дегендей, әр білдірілген пікір мен ұсынымдар өз жұмысымызға сыни көзқараспен қарауға, нәтижелерімізді жақсарта түсуге ықпал етеді. Өздеріңіз білесіздер, біздің министрлік барлық мемлекеттік органдар жүзеге асырып жатқан "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының үйлестірушісі болып табылады. Сондықтан біз цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижелерінің көрінісін, оның ішінде ескертулер мен ұсыныстарды көріп, біліп отырғымыз келеді. Мен IT-компаниялармен кездесіп тұрамын, бірақ бізге сол қызметтерді алушылармен өзара байланыс қажет", - деді кездесуде цифрлық комиссарлар тобын құру туралы бастама көтерген Асқар Жұмағалиев.
Алғашқы кездесуде қатысушылар елдегі цифрландыру жобалары бойынша пікірлерімен бөлісіп, Электрондық үкімет порталының қызметтері мен сервистерін оңайлату және ХҚКО жұмысы бойынша ұсыныстарын білдірді.
Цифрлық комиссарлармен кездесуде "ҰАТ" АҚ басшысы Әсет Тұрысов мемлекет тарапыпан көрсетілетін қызметтерді алу процесін түбегейлі жеңілдететін Электрондық үкіметтің жаңартылған мобильдік қосымшасымен таныстырды.
"Келесі аптада біз Электрондық үкіметтің жаңартылған қосымшасының beta-нұсқасын іске қосамыз. Бұл барлық мемлекеттік қызметтерді оңай әрі тез алуға мүмкіндік береді. Осы орайда, бізге сіздердің пікірлеріңіз өте маңызды", - деді министр цифрлық комиссарларға.
Сонымен қатар, келесі аптаның соңында Play Market және AppStore-да пайда болатын eGov mobile жаңартылған қосымшасының beta-нұсқасын тестілеуге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Пікірлер мен ұсыныстарды press@mdai.gov.kz немесе әлеуметтік желілердегі eGov ресми аккаунттарына жіберуге болады.
Цифрлық комиссарлармен өткен алғашқы кездесу соңында министр азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылау үшін осы құрамда тұрақты түрде кездесулер өткізілетінін хабарлады.
Алғашқы Цифрлық комиссарлар: Айгүл Соловьева, Ләйлә Сұлтанқызы, Ринат Балғабаев, Өркен Кенжебек, Евгений Кочетов, Ренат Ташқынбаев, Олжас Сәтиев, Диана Өкремова, Яков Федоров, Жанна Мұхамади, Ерлан Сәкенов, Махаббат Есен, Тимур Бектұр.
Показать комментарии
Читайте также