ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2020 | 09:14
Қазақстанда "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды
Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөлімшесіне қала тұрғындары "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" атын жамылған қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды ТДК-42.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөлімшесіне қала тұрғындары "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" атын жамылған қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды ТДК-42.
Жәбірленушілердің сөзіне, Otbasy men jastardy qoldau qory атты корпоративтік қор клиенттерге қарыз берген, алайда келісім бойынша өз міндетін орындамаған. Қор өз қызметін мемлекет қолдау көрсететін әлеуметтік бағдарлама деп атайды және 3,7 пайыздық ипотека беруге уәде еткен. Бірақ бастапқы жарна - сатып алатын пәтер немесе автокөлік бағасының 50 пайызын сұраған.
Қарыз беру кезінде клиенттің несие тарихы, жасы мен зейнетақы жинағы маңызды емес. Компания Қазақстанның барлық өңірінде бар.
Адамдар қорға кіріп, миллиондаған ақша салған. 600-ге жуық адам жалпы бір миллиард теңге салған. Кейбірі екі миллион, одан бөлек, 120 миллион салған адамдар да бар. Енді салымшылардың жартысынан көбі көлік те, пәтер де алмағанын және ақшаларын қайтара алмай отырғанын айтады.
Жәбірленушілер полиция ешқандай әрекет етпей отырғанын айтады және қордың құрылтайшысы елден қашып кетпей ұрғанда істі Бас прокуратура қолға алуын сұрап отыр.
"Ең қызығы қор "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" атын жамылған. Оларда тіпті "Бақытты отбасы" деген бағдарлама болған. Есіл полиция басқармасы әрекет етпей отыр. Қалалық прокуратура әрекет етпей отыр. Дәлел базасы бар. Қаржылық реттеушінің қорытындысы да бар", - дейді жәбірленушілердің өкілі, заңгер Аян Төреқұлов.
"Осынша адам арыз жазып отыр. Сеніп қалған өздерің кінәлісіңдер деп отыр. Құқық қорғау органдарының бізді қорғай алмағаны ма? Біз тек әділдік орнағанын қалаймыз", - дейді жәбірленуші Зиваш Ақмырзаева.
Әйел адам астанада жеңілдетілген пайызбен жер телімін сатып алу қорға бір миллион теңге салған.
Салымшылар "әлеуметтік бағдарлама" деп тұрғандықтан сеніп қалған. Жәбірленушілер Гүлбану Сапей есімді әйел адам басшылардың бірі және қорды құруға бастама болған екенін айтады. Ол әрбір қазақстандық баспаналы болуы керегін, әрбір әйелдің астында көлігі болуы керегін айтқан. Ол 2017 жылы алаяқтық жасағаны үшін істі болған, алайда іс екі жақтың келісімінен кейін жабылған. Енді жәбірленушілер прокуратураға келді.
"Тағы да арыз жазыңыздар, бір оны қарастырамыз", - деді бас прокурордың көмекшісі Жаңалық Еламанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также