08 маусым 2021 | 16:21

Қазақстанда тұрғын үй нарығында қандай өзгеріс болды?

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда мамыр айында жаңа және тұрмысқа дайын жайлы тұрғын үй бағасы көтерілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мамыр айында жаңа және тұрмысқа дайын жайлы тұрғын үй бағасы көтерілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статбюро мәліметінше, бір айда (2021 жылғы мамырда 2021 жылғы сәуірге қарай) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2,6 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату - 0,9 пайызға өсті.

Сондай-ақ, абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 0,7 пайызға өсті.

Реклама
Реклама

Республика бойынша бастапқы және таза әрленген пәтерлердің бір шаршы метрі үшін орташа баға мамырда 335 539 теңге болды. Баға 2,6 пайызға өскен.

Сонымен қатар, мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 48 351 мәміле тіркелген. Көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 19 пайызға төмендеді. Ал 2021 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны алдыңғы жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өскен.

Толық статистика бюро сайтында бар. 

Еске салайық, мамырда риэлторлар "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламасының жабылуына байланысты қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы бірден 30 пайызға құлдырауы мүмкін екенін, ал бастапқы тұрғын үй бағасы өспейтінін болжаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная