Қазақстанда тұрғын үй сатып алу: заңнамаға түзетулер жайлы айтылды

Қазақстанда тұрғын үй сатып алу: заңнамаға түзетулер жайлы айтылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда құрылыс салушылар мен үлескерлер арасында үй сатып алу бойынша алдын ала келісім жасасуға тыйым салу жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда құрылыс салушылар мен үлескерлер арасында үй сатып алу бойынша алдын ала келісім жасасуға тыйым салу жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту және құрылыстың ұзаққа созылу тәуекелдерін азайту үшін заңнамаға жаңа түзетулер әзірленген.

"Үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу жоспарланып отыр, бұл үлескерлермен толыққанды шарт жасалмағандықтан, олардың алдын ала ақша беріп, алданып қалмауына мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр.

Қазіргі уақытта бұл түзетулер – ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама