Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі енгізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі енгізіледі Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Екатерина Смышляева заң жобасы жергілікті атқарушы органдарға кондоминиум нысандарын тіркеу құқығын беретінін атап өтті. Басқару нысаны таңдалмаған жағдайда, әкімдіктер уақытша басқарушы компанияны тағайындай алады.

"16 пәтерге дейінгі шағын үйлер үшін басқарудың үшінші түрі – тікелей бірлескен басқару қарастырылсын. Мұндай үйлер "бір үй - бір есеп" қағидатын сақтай отырып, бірігіп, бір басқарушы қоя алады", - деді депутат.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, құрылыс салушыларға тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, автотұрақтарды, қойма бөлмелерін жекеменшікке сатуға тыйым салынады, осылайша олар әлеуетті кондоминиум және ортақ меншік нысандарын өз бетімен иелене алмайды. Көпқабатты үйдегі автотұрақтың дизайны мен функционалдығын өзгертуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы атқару парағын орындау енді олардың жылжымайтын мүлкі орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама