ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2023 | 11:56
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 900-ге жуық адам қайтыс болған
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 900-ге жуық адам қайтыс болған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 900-ге жуық адам қайтыс болған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға жазаны күшейту мәселесін үнемі көтеріп, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Бұл бағыттағы бүгінгі статистика көңіл көншітпейді. Кейінгі төрт жарым жылда 869 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша 2086 оқиға тіркелді. Сондықтан кешенді профилактикалық шараларға ерекше көңіл бөлеміз", - деді министр Үкімет отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также