Қазақстанда тұрмысы төмен халық көп тұратын өңір аталды

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2023 жылғы екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың саны бірінші тоқсанмен салыстырғанда 4,8 пайыздан 5,1 пайызға өсті. Мұндай дерекмемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрмысы төмен адамдардың ең көп саны Түркістан облысында (9,7 пайыз), ең азы Астанада (2,5 пайыз) тұрады.

Фото: gov.kz

Реклама
Реклама

"Кедейлікке үй шаруашылығының мөлшері айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, бес және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың екінші тоқсанында 9,2 пайыз болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен екі есе жоғары", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама