19 желтоқсан 2023 | 10:09

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді - ІІМ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ тыйым салынған нөмірлер тізіміне енгізілген, бірақ соған қарамастан кейбір көліктер әлі де тағып жүрген мемлекеттік тіркеу белгілеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ тыйым салынған нөмірлер тізіміне енгізілген, бірақ соған қарамастан кейбір көліктер әлі де тағып жүрген мемлекеттік тіркеу белгілеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кей әріп тіркестері сөйлеу мәдениетінің ережелеріне жат және жасырын немесе әдепсіз мағанада қолданылуы мүмкін екенін ескере отырып, олардың айналымға шығуы шектелген, деп түсіндірді полицейлер.

"Мұндай шешім мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде де, жеке талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг және айналымға шығып кеткен нөмірлер бойынша азаматтардың мәлімдемелері негізінде де қабылданады", - делінген ІІМ-нің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қазақстан жолдарында әлі де осындай нөмірлері бар көліктер бар. Министрлік мәліметінше, көлік нөмірі осы серияға шектеу енгізілгенге дейін берілген болса, ол тәркіленбейді.

"Мүмкін комбинациялардың айтарлықтай санын ескере отырып, "тыйым салынған" сериялар саны өзгеретіні сөзсіз. Серияларды тағайындау үшін кезекті қалыптастыру әліпби тәртібімен жүзеге асырылады", - деп толықтырды ІІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная