19 қаңтар 2024 | 12:17

Қазақстанда уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.

"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады", - делінген хабарлдамада.

Реклама
Реклама

Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда "Ашық НҚА" порталында 2000 жылғы "Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулыға өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасы жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram