25 маусым 2024 15:20

Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс кестесі өзгере ме?

Midjourney

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты Қазақстанда жұмыс кестесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы журналистерге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты Қазақстанда жұмыс кестесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы журналистерге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурыздан бастап біз жаңа уақыт белдеуіне көштік, қазір күн ерте атады. Әлеуметтік желілерде әртүрлі ұсыныстар айтылып жүр, соның ішінде қыста қараңғы ерте түсетіндіктен, жұмыс күнін бір сағат бұрын бастау. Бұған қалай қарайсыз? Мұндай жоспарлар бар ма?", - деп сұрады журналистер Жақыповадан үкімет кулуарында.

Министр жұмыс беруші мен қызметкерлер жұмыс кестесін қайта қарауға келісе алатынын түсіндірді, өйткені шарт екі тараппен келісіледі және жасалады.

Реклама
Реклама

"Көптеген ұсыныс бар, оларды бірыңғай форматта қарастырамыз және жауап береміз: жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында келісімшарт бар және олар жұмыс кестесі туралы келісе алады. Жұмыстан қараңғыда шықпас үшін, егер қазір, мысалы, жұмыс күні сағат 09:00-де басталса, олар жұмысты 08:00-де бастауға келісе алады, содан кейін жұмыс беруші жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды қарастыруы мүмкін. Бұл қиын емес, қызметкер мен жұмыс беруші келісе алады", - деп жауап берді Светлана Жақыпова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram