ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2019 | 09:46
Қазақстанда ҰБТ басталды
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, түлектерге сәттілік тіледі.
"Көріп отырғандарыңыздай, бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Меніңше, мұның себебі - олар биыл осы орындарда осындай жағдайда ҰБТ-ны екі рет тапсырғанына байланысты. Ол кезде де бәрі тексеріліп, ұялы байланыс өшірілген болатын. Сондықтан олар үшін бұл әдеттегі процесс. Мен 10 жыл бойы ҰБТ-ны өткізу рәсіміне қатысып келемін. Соңғы жылдары балалар сабырлы, алаңсыз. Оқушылар мен түлектерге сәттілік тілегім келеді. Бәрі қолдарынан келеді деп ойлаймын", - деді Асхат Аймағамбетов.
ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.
Оқи отырыңыз:
ҰБТ-да қандай жағдайда апелляция арқылы балл қостырып алуға болады?
"Оңай сұрақтардан баста" - Негізгі үш пән мұғалімдерінен лайфхак
ҰБТ-ға бір күн қалғанда не істеу керек - Психолог кеңесі
Показать комментарии
Читайте также