21 маусым 2020 | 09:12

Қазақстанда ҰБТ басталды

Фото: БҒМ баспасөз қызметі

Бүгін, 21 маусымда елімізде Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыру басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 21 маусымда елімізде Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыру басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰБТ-ны мектеп түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырады. 

Реклама
Реклама

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ҰБТ биыл 21 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пунктінде өтеді. Аудиториядағы адам саны 2 есеге қысқарады. Барлық аудиториядан онлайн трансляция жүргізіледі.

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана жұмыс істейді. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен бір ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді. 

Бүгін емтиханды тек 6,5 мың талапкер тапсырады. 

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық талап күшейеді:

дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру.

Сондай-ақ, тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тест тапсырушылар арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы тиіс, әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңімен желдетіліп өңделеді.

Сонымен қатар, биыл тест тапсырушыларға алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат берілді.

Тестілеу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылды.

Айта кетейік, биыл ҰБТ-ны 131 755 адам тапсырады. Осы жылы ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ. Түлектер 5 пәннен тест тапсырады: үш міндетті және екі бейіндік пән. Барлық тест тапсырмасының саны - 120, максималды балл - 140.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная