08 қаңтар 2022 | 17:22

Қазақстанда ҰБТ, магистратура мен докторантураға құжат тапсыру мерзімі өзгерді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыру, магистратура мен докторантураға құжат тапсыру мерзімі кейінге қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыру, магистратура мен докторантураға құжат тапсыру мерзімі кейінге қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Контртеррористік операция жүріп жатыр, бірақ бүгінде көптеген аймақта жағдай қалыпқа келе бастады. Төтенше жағдай жариялау өз нәтижесін берді. 6 қаңтарда қабылданған шешімдер туралы айттық: мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін, ал студенттердің демалысы 24 қаңтарға созылады", - деп жазды министр.  

Аймағамбетовтің сөзінше, қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау 21 қаңтарға дейін созылған. Бұған дейін құжат қабылдау 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында өтетіні хабарланған еді. Қазіргі ахуалға байланысты құжат қабылдау мерзімін 21 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған. 

Реклама
Реклама

Осылайша 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында болады деп жоспарланған ҰБТ 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтеді. Бұған дейін 100 мыңға жуық адам құжат тапсырған. 

Министрлік магистратура мен докторантураға құжат тапсыру мерзімін 24 қаңтарға дейін созуға шешім қабылдаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная