Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды", - делінген хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

- қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

- жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

- өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру", - делінген хабарламада.

Президент Жарлығының толық нұсқасы "Ақорда" сайтында жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысын жариялағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама