Қазақстанда утильалым қаражаты есебінен қоқыс полигондары салынбақ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда утильалым қаражаты есебінен ондаған жаңа қоқыс полигоны салынады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда утильалым қаражаты есебінен ондаған жаңа қоқыс полигоны салынады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Үкімет бекіткен кешенді іс-шаралар жоспары аясында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) үшін 100 жаңа полигон салу, жұмыс істеп тұрған 8 полигонның қуатын ұлғайту және тағы 5 полигонды қалпына келтіру жоспарланған. Алайда жұмыстар баяу жүріп жатыр – бұл, ең алдымен, қаржыландырудың болмауына байланысты.

"Қалдықтарды басқару жүйесіндегі маңызды буын – ҚТҚ полигондары", – деді Нысанбаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 2 973 ҚТҚ полигоны бар. Оның ішінде тек 608-і жобалық және рұқсат құжаттарына ие, бұл жалпы санының 20,4 пайызы ғана. Көптеген полигон толып қалған және оларды қалпына келтіру қажет, деді министр.

"Мәселен, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының облыс орталықтарындағы және Шымкенттегі полигондар 90 пайыздан астам толған. Астанада – 98 пайызға, ал Жезқазғанда полигон толық толып қалған", – деді ведомство басшысы.

Бүгінде министрдің айтуынша, әкімдіктер бар болғаны жеті полигонды ғана салып, пайдалануға берген. Тағы 23 полигон бойынша құжаттама әзірленген, ал 18 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда қалған 52 полигонға қатысты жұмыстар мүлдем жүргізілмеген деуге болады.

Мысалы:

  • Абай облысында – 22 полигон бойынша;
  • Ақмола облысында – 4 полигон бойынша;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8 полигон бойынша жобалық құжаттарының мерзімі өтіп кеткен, бірақ оларды жаңарту жоспарда жоқ.

"Жалпы, жаңа полигондардың құрылысы қаржыландырудың болмауына байланысты жүргізілмей отыр", – деп түсіндірді Ерлан Нысанбаев.

Бұл мәселені шешу үшін министрлік утильалым қаражаты есебінен қаржыландыру тетігін қарастырған. Министрдің айтуынша, бұл шешім елдің 11 өңірінде 43 жаңа полигон салуға 53 миллиард теңге бөлуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама