Қазақстанда ұялы байланыс операторлары қауіпсіздік күштеріне ақпарат беруге міндеттеледі

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Азаматтарға арналған үкімет пен ұялы байланыс операторлары қаржы мониторинг субъектісі тізіміне енеді. Осылайша олар қауіпсіздік күштеріне ақпарат беруге міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтарға арналған үкімет пен ұялы байланыс операторлары қаржы мониторинг субъектісі тізіміне енеді. Осылайша олар қауіпсіздік күштеріне ақпарат беруге міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат аясында 6 кодекс пен 14 заңға түзетулер енгізіледі. Заң жобасы арқылы қаржы мониторингі бойынша жаңа субъектілер енгізіледі.

Олардың қатарында ұялы байланыс операторлары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бар. Сондай-ақ, депутаттар бұл тізімде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалдыруды да ұсынды.

Реклама
Реклама

"Азаматтарға арналған үкімет" нотариустармен жасалған мәмілелер сияқты, 50 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік бойынша жасалған мәмілелер туралы есеп береді", - деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама