ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2023 | 12:49
Қазақстанда үйленген, ажырасқан және неке құрмаған қанша адам бар?
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы неке және отбасы туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы неке және отбасы туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бюро мәліметі бойынша, некеде тұрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылғы 6,6 миллионнан 2021 жылы 8,2 миллионға дейін өскен.
"2021 жылғы санақ бойынша халықтың 60,9 пайызы некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтар саны 8,2 миллион адам болды. Оның ішінде 9 пайызы – қайта неке құрғандар. Жалпы халықтың 28 пайызы – ешқашан үйленбеген, 5,3 пайызы – жесір, ал қалған 5,8 пайызы – ажырасқандар", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жеткені хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также